Ссылки доступа

Түркімен қалаларында Жаңа жылға дайындық тұрғындар есебінен жүріп жатыр


Түркіменстан жаңа жылға дайындалып жатыр, Ашғабад.
Түркіменстан жаңа жылға дайындалып жатыр, Ашғабад.

Түркіменстанның Мары жана Лебап облыстарында бюджеттік мекемелерде істейтін қызметкерлерден және мектеп оқушыларынан Жаңа жылдық безендірулер үшін ақша жинап жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметінің аймақтағы тілшісі хабарлады.

"Марыда осы аптаның соңына дейін әрбір кәсіпорынның алдында Жаңа жылдық шыршалар орнатылуы тиіс. Осы үшін әрбір қызметкерден 10 манаттан жинап жатыр", - дейді тілші.

Оның айтуынша, Мары облысындағы мектеп мұғалімдері мен оқушыларынан да ақша жинап жатыр.

"Лебап облысының орталығы Түркменабад қаласындағы үш мектептің оқушыларынан 100 манатқа жуық ақша жинатты. №12 және №15 мектептен 2000 манат алынды"- дейді Лебап облысындағы тілші.

Өткен аптада ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов аймақтағы шенеуніктерге келе жатқан Бейтарап күні мен Жаңа жылға дайындық күніне арнап тапсырма берген.

Түркіменстанда ең төменгі айлық 228 долларды құрайды. Ресми бағам байынша, бір доллар 3,5 манатқа тең.

XS
SM
MD
LG