Ақпаратқа сәйкес, оқиға 8 желтоқсанға қараған түні Ташкенттің Чиланзар ауданында болған. "Лабо" маркалы көлікті жүргізіп бара жатқан жүргізуші еш себепсіз бетон қоршауға соқтығысып тоқтаған.
"Жүргізуші мас болған. Хаттама толтырар кезде жүргізуші қарсылық көрсетіп, инспекторға пышақ сілтеген. Инспектор бірінші рет ескерту беріп, аспанға оқ атқан. Кейін екінші рет оның аяғына оқ атуға мәжбүр болған. Оның қолына кісен салынып, ауруханаға жеткізілді", - делінген мекеме таратқан мәлімдемеде.
Тексеру барысында жүргізуші Ташкенттің 43 жастағы тұрғыны екені анықталған. Ол осыған дейін "Адам өлтіру" бабымен сотталған.
Қазір Чиланзар аудандық прокуратурасы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастырып жатыр.