"Түркіменабадта барлық бюджеттік мекеме қызметкерлерін "Дая хатын" және "Довлетли Довран" деп аталатын екі қойылымға баруды міндеттеп жатыр. Мұнымен қоса, театрға арнайы кешкі киіммен баруды талап етіп жатыр", - дейді тілші.
Оның сөзінше, қаладан тыс аймақтарда тұратын тұрғындарға бұл қиын соғып жатыр. Себебі кешкісін қоғамдық көліктің жүруі баяулайды. Көбі үйіне жету үшін көлік азабын тартады дейді тілші.