Ссылки доступа

Тәжік СІМ басшысы: "Ишкободқа" шабуылдан әйелдер мен балалар қаза тапты (видео)

Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддиннің мәлімдеуінше, "Ишкобод" шекара бекінісіне шабуыл кезінде әйелдер мен балалар қаза тапқан.

Тәжік дипломаты бұл мәліметті 10 желтоқсанда Брюссельде Тәжікстан мен Еуропа одағы арасындағы әріптестік жөніндегі кеңесте Озоди радиосының тілшісі қойған сауалға жауап беру барысында жариялады.

"20 содырдан тұратын қарулы топ "Султонобод" шекара отрядының "Ишкобод" бекінісіне шабуыл жасады. Олар бес Калашников автоматын тартып алды. Арнайы жасақ операциясы нәтижесінде содырлардың көзі жойылды. Бесеуі ұсталды, олар қазір тергеу абақтысында отыр. Күш құрылымдарының қызметкерлері оққа ұшты. Өкінішке орай, терроршылар шабуылы кезінде әйелдер мен балалар қаза тапты. Басқа амал болмады" деді тәжік сыртқы істер министрі.

Глава МИД РТ: при нападении на заставу «Ишкобод» были убиты женщины и дети
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

Тәжік-өзбек шекарасындағы "Ишкобод" бекінісіне шабуыл 6 қарашада түнде жасалды. Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, шабуылды "Ислам мемлекетінің" содырлары жасаған.

XS
SM
MD
LG