Акция мақсаты – Бішкек ауасының ластануына көпшіліктің назарын аудару. Белсенділер қаланың көгеруін, ағаштардың оталмауын, биік ғимараттар құрылыстарын реттеуін биліктен талап етті. Олар экологиялық отынды көбірек қолдануды қолдайды.
Экологтар Бішкек ауасының ластанғанын бұрыннан бері айтып келеді. MoveGreen қозғалысы қалада бірнеше тіркеу құралын орнатты. АҚШ елшілігі де ауласына ауа сапасы мониторын қойды. Ондағы мәліметтерге қарағанда, қараша айында Бішкек әлемдегі ауасы ең лас қалалардың қатарынан көрінген.