Ссылки доступа

Душанбедегі сот кеденшілердің арызын қабылдамады


Здание Таможенной службы Таджикистана в г. Душанбе
Здание Таможенной службы Таджикистана в г. Душанбе

Душанбе қаласындағы Исмоили Сомони аудандық соты Тәжікстан кеден қызметінің Турсунзаде қалалық басқармасының сынақ нәтижесімен келіспегендердің арызын қабылдамады.

Сынақ нәтижесінде 36 адам қызметтен алынған. Бұрынғы кеденшілер сынақ комиссиясы ереже бұзды деп отыр.

Сот кеден қызметкерлері сынақтан өтпеген соң жұмыстан шығарылды деп таныды. Кеден қызметінің басшылығы бұрынғы қызметкерлердің талабы орынсыз деп мәлімдеді.

Турсунзаде қаласында сынаққа 134 адам қатысқан. Сынақтан өтпеген 134 адам жұмыстан шығарылса, тоғыз адам қызметтен түскен.

Биыл 10 мамырда ел президенті Эмомали Рахмон кеден, салық және қаржы органдарының жұмысын сынаған.

XS
SM
MD
LG