Ссылки доступа

Өзбек сенаторлары прокурорлар мен қауіпсіздік қызметкерлеріне тиіспеу құқығын заңнан алып тастады

Енді Өзбекстанда прокурорлар мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің әскери қызметкерлерін жоғары биліктің рұқсатынсыз әкімшілік жауапқа тартуға болады. Олий Мажлис Сенаты заңға осындай түзету енгізді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сенат жалпы отырыста прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі және Ұлттық ұлан қызметіне қатысты бірқатар заңға түзету енгізді.

Атап айтқанда, 49-бап бойынша ("Прокуратура туралы" заңдағы прокуратура органдары қызметкерлеріне тиіспеу туралы бап) осы уақытқа дейін прокуратура қызметкерлерінің әкімшілік құқықбұзушылығы туралы мәселені жоғары тұрған прокурор шешіп келді. Енді заңдағы бұл ереже жойылды, яғни прокуратура қызметкерін әкімшілік жауапқа тарту үшін басшылықтың келісімі қажет емес.

Осындай түзету "Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі туралы" заңға да енгізілді.

Сенаторлардың пікірінше, заңдағы жаңа түзетулер прокуратура органдары мен МҚҚ қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыруы тиіс.

Ұлттық ұлан сапындағы әскер қызметкерлеріне келер болсақ, оларға тиіспеу құқығы қызмет атқару кезінде ғана сақталады. Прокурорлардың келісімінсіз оларды қылмыстық жауапқа тартуға, ұстауға және қамауға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG