Ссылки доступа

Ресейде қорғаныс зауытынан 276 тонна жарылғыштың жоғалуына байланысты іс қозғалды

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Ресей ІІМ Башқұртстан бойынша тергеу басқармасы Стерлитамактағы "Авангард" қорғаныс зауытында тіркелген аса ірі көлемдегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қозғады.

"Ведомости" мәліметі бойынша, қорғаныс зауытынан 276 тонна жарылғыш қалдықтары жоғалған.

Өнеркәсіп және сауда министрлігі қалдықтар зауытта басқа бір фирманың тапсырысымен қайта өңделуі мүмкін деп есептейді.

Ұрлық 2017-2019 жылдар аралығында жасалған. Бұл уақытта кәсіпорынды Азгат Ибрагимов басқарған. Биыл оны зауыт қарызының өсуіне байланысты жұмыстан шығарған.

Ибрагимов өкілінің газетке хабарлауынша, жарылғыш заттарды жоюға қатысты барлық келісімдер бірнеше мәрте тексерілген, бұрынғы директорды зауыттың қазіргі басшылығы заңсыз қудалап отыр.

"Авангард" зауыты мұнай-газ саласы үшін өнеркәсіп жарылғышын, Қорғаныс министрлігіне жарылғыш дайындап, оқ-дәрілерді жоюмен айналысады.

XS
SM
MD
LG