Ссылки доступа

Қырғызстан белсенділері бас прокурордың отставкасын талап етіп жатыр

Қырғызстан бас прокуроры Өткүрбек Жамшитовты қызметінен алу бойынша жолданған үндеуді президент канцеляриясы қабыл алды. Бұл туралы "Прецедент" құқықтық тобының жетекшісі Нурбек Токтакунов Facebook парақшасына жазды.

Мемлекеттік кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовты қорғағаны үшін бас прокурордың қызметтен кетуін талап еткен үндеуге 207 адам қол қойған.

"Енді президенттен жауап күтеміз әрі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік қызметіне де хат жазамыз. Одан бөлек қаржы полициясы Райымбек Матраимов ісі бойынша не тексеріп жатқанын сұраймыз", - деді Токтакунов.

9 желтоқсанда Нурбек Токтакунов Райымбек Матраимовқа қарсы бас прокуратураға арыз жазған. Ол журналистік зерттеу бойынша Матраимов ісін тексеріп, заң бұзушылық анықталса, шара қолдануды сұраған. Бірақ бас прокуратураның арызды қарамай жатқанын айтқан.

Бас прокуратура Матраимовқа байланысты Нурбек Токтакунов жазған арыздың қабылданғанын айтты.

Жақында Азаттық, "Ұйымдасқан қылмысты және коррупцияны зерттеу жобасы" (OCCRP) және "Kloop.kg" ақпарат агенттігі бірлесіп "Кедендегі миллиондар: кедей елден миллиондар қалай шығарылады" және "Заңсыз ақша тасығандар керуені" деген зерттеу жариялаған. Онда Матраимовтың аты аталған.

Райымбек Матраимов зерттеуде сөз болған 700 миллион долларға қатысы жоқ екенін, онда айтылған мәліметтерді "жабылған жала" деп есептейтінін айтқан. Осыдан кейін Матраимовтер отбасы "қадір қасиетімізге кір келтірді"деп Азаттықты, журналист Али Токтакуновты, "Kloop.kg" және 24.kg сайттарын сотқа беріп, олардан моральдық шығын ретінде 60 миллион сом өндіріп беруді өтінген.

XS
SM
MD
LG