Ссылки доступа

Тәжікстанда азаптау айыбымен сотталған милиционерге іздеу жарияланды

"Азаптау" және "Қызмет бабын асыра пайдаланды" деген баптармен сотталған Душанбе қалалық ішкі істер басқармасының төрт қызметкерінің біреуі — Ирониддин Ахлиддинге іздеу жарияланды.

Ол 16 желтоқсанда бұл іс бойынша үкім шығарылған сот отырысына қатыспаған. Бұрынғы милиционер тергеу аяқталғанға дейін тілхат негізінде бостандықта жүрген.

Бас прокуратурадағы дереккөздің айтуынша, Ахлиддинді іздеп адвокаты мен туыстарына хабарласқанымен еш нәтиже бермеген.

16 желтоқсанда Душанбе соты қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің басшы орынбасары Фарход Нурхоновты 17 жылға, оның қарамағында істеген қызметкерлер Аваз Сабзаев пен Икромиддин Ахлиддинді 9 жылға және Умед Ваххобовты 7 жылға бас бостандығынан айырған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, олар жыл басында Душанбе тұрғыны Хамза Солеховты есірткі сату айыбымен ұстап, электр тогымен азаптаған.

XS
SM
MD
LG