Ссылки доступа

Грузияда оқушы қазасынан соң ІІМ басшысын қызметтен алуды талап етіп жатыр

Грузин оппозициясы ішкі істер министрі Вахтанг Гомелауридің қызметтен кетуін талап етті. 12 желтоқсанда Тбилисиде бірнеше сағат бойы тергелген 15 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсауға талпынған.

Қоғам белсенділері ішкі істер жүйесінде мәселе көп екенін айтса, билік әділ тергеу жүргізуге уәде беріп отыр. Тергеушілердің бірі қамауға алынған.

Подросток покончил с собой после допроса в полиции Тбилиси
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:19 0:00

ІІМ бас ғимараты алдына мектеп партасы тұр - бұл қоғам белсенділері ұйымдастырған үнсіз перформанс. Олар оныншы сынып оқушысы Лука Сирадзенің өліміне құқық қорғау жүйесі кінәлі деп есептейді. 15 жастағы жасөспірім оныншы қабаттан секіріп кеткен. Бір аптадан соң - 17 желтоқсанда ол ауруханада жан тапсырды.

Лука Сирадзені полицияда өзгенің мүлкін бүлдіруге қатысты істе куәгер ретінде тергеген. Желтоқсан айының басында жекеменшік мектеп қабырғасына белгісіз біреу сурет салып кеткен. Лука осы мектепте оқыған, бірақ бірнеше ай бұрын ол отбасындағы қаржы мәселесіне байланысты басқа мектепке ауысқан. Дегенмен күдік Лукаға түскен. Тергеуге ол анасымен бірге барған. Полиция қызметкерлері оған қысым көрсетіп, қылмысты мойындамаса әскери академияда оқитын ағасына қиын болады деп қорқытқан.

"Өркениетті елде мұндай жағдайдан соң ішкі істер министрі қызметтен өзі кетер еді" деп мәлімдеді Жоғарғы әділет кеңесінің мүшесі, наразылық акциясына қатысушы ​Анна Долидзе.

Оқушының қазасы Грузияда үкіметке қарсы наразылықты күшейтті. Жекеменшік мектеп қабырғасындағы жазулар енді полиция бөлімшелерінің, үйлердің қабырғаларында пайда бола бастады.

XS
SM
MD
LG