Бұл туралы Жазаны орындау бюросы басқарма төрағасының орынбасары Бекзод Менглиев хабарлады.
Оның айтуынша, "Ахмадбай" аталып кеткен Ахмад Турсунбоевтің 29 жылжымайтын мүлкі, сегіз автокөлігі тәркіленді. Мүлік аукционда сатылады. Алдын ала тергеу барысында қомақты ақша тәркіленген.
Жәбірленушілер шығыны соның негізінде өтелер-өтелмесі әзірге белгісіз.
Жәбірленушілер тізімі дайындалып, арнайы электронды бағдарлама жасалған. Өндірілген ақша соның көмегімен теңдей бөлінеді.