Ссылки доступа

Батукаев ісіне қатысты сот Атамбаевтың қатысуымен арнайы қызмет ғимаратында өтіп жатыр

Қылмыс әлемінің дөкейі Азиз Батукаевтың заңсыз түрмеден босатылуына қатысты іс бойынша сот Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік қызметінің ғимаратында өтіп жатыр. Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев басты айыпталушы ретінде сотқа қатысты.

Мемлекеттік айыптаушы соттың ҰҚМК ғимаратында өтуін қалаған, өйткені бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев 1-май аудандық сотына барғысы келмеген. Оның адвокаты сот отырысының комитет ғимаратында өтуіне қарсы болды.

Адвокат Сергей Слесаревтің айтуынша, ҰҚМК ғимаратында процесті аудиоға, видеоға жазуға мүмкіндік жоқ. Бұған қоса, онда ұялы телефон мен компьютер қолдануға болмайды. Сол себепті адвокаттар өз қызметін толық атқара алмайды, ал журналистер сот залынан хабар таратпайды.

2013 жылы 9 сәуірде Нарын қалалық соты Азиз Батукаевты "жазылас ауруға ұшырауына байланысты" түрмеден босатты. Оған дәрігерлердің қорытындысы себеп болды.

Істе төрт күдіктіге айып тағылған - бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев, бұрынғы бас прокурор Индира Жолдубаева, Жазаны орындау мемлекеттік қызметі төрағасының бұрынғы көмекшісі Калыбек Качкыналиев және гематология орталығының бұрынғы директоры Абдухалим Раимжанов.

XS
SM
MD
LG