Ссылки доступа

Өзбекстан мен Қазақстан Қожа Ахмет Ясауи туралы бірлескен фильм түсіреді


Мавзолей Ходжи Ахмеда Ясави ночью. Туркестан, 21 августа 2018 года
Мавзолей Ходжи Ахмеда Ясави ночью. Туркестан, 21 августа 2018 года

Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азияда яссауи ілімінің негізін қалаушы, сопы-ақын Қожа Ахмет Ясауи туралы бірлескен фильм түсіреді.

Бұл туралы 23 желтоқсанда Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың "Өзбеккино" ұлттық агенттігінің Бас директоры Фирдавс Абдухаликовтың кездесуінде мәлім болды.

"Бұл фильм Өзбекстан мен Қазақстанның тарихи және мәдени байланысын нығайта түседі. Бірлескен жұмыс екі елдің кино саласындағы әріптестігін арттырады" делінген "Өзбеккино" баспасөз қызметінің хабарламасында.

XS
SM
MD
LG