Ссылки доступа

Өзбекстанда төрт сарапшы реформа жүргізетін кеңестен шықты

Өзбекстанда «Буюк келажак» («Ұлы болашақ») сарапшылар кеңесінің төрт мүшесі ұйымнан шықты. Олардың ішінде кеңес төрағасы Алишер Калонов, Ұйымдастыру кеңесінің мүшелері Сабир Шодиев, Шерзод Юсупов және Бахром Исмаилов бар.

Бұл ақпаратты ұйымның тең құрылтайшысы Бахром Исмаилов растады.

Бұл - «Ұлы болашақ» кеңесінен шыққан екінші топ. Олар себебін түсіндірмеді. Бірінші топ (10 адам) биыл қыркүйек айында кеткен. Олар өздеріне деген сый-құрметтің болмауынан кетуге мәжбүр болдық деп түсіндірген.

«Ұлы болашақ» коммерциялық емес ұйымының басты міндеті ел президенті Шавкат Мирзияев жүзеге асырғысы келетін реформаларға қолдау көрсету. Осы бағытта 2035 жылға дейін Өзбекстанның даму стратегиясын әзірленуі тиіс. Бұл ұйымның басты демеушісі ресейлік олигарх Фаттах Шодиев.

XS
SM
MD
LG