Сайлау нәтижелеріне арызды үш күннің ішінде өткізуге болады. Арыздар сайлаудың өтуі мен дауыстарды санауға қатысты жазылған.
Апелляциялық комиссия мүшесі Кутбиддин Руйдордің хабарлауынша, екі тәулікте 6 мыңнан астам арыз түсті. Шағымдар саны 10 мыңға жетуі мүмкін.
Шағымдарды қабылдау аяқталған соң, оларды қарау, сұрыптау жұмыстары жүреді.
Ашраф Гани басқаратын "Мемлекет құру" сайлау командасы сейсенбіге дейін 1200 арыз түсірген.
"Әлем және ислам әділеті" блогы 3 мыңнан астам шағым тіркеген.
Апелляциялық комиссия барлық арызды қарап, 39 күн ішінде Тәуелсіз сайлау комиссиясына өткізуі керек.
Ауғанстан тәуелсіз сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала нәтижелерін 22 желтоқсанда жариялады. Сайлау 28 қыркүйекте өтті. Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша, 70 жастағы президент Ашраф Гани 50,6 пайыз дауыспен алда келеді. Оппозиция өкілі, Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулла 39,52 пайыз дауыс жинады.
Сайлаудың алдын ала нәтижелерімен Абдулла Абдулла келіспейді. Үкімет басшысы оны "демократия қарсаңындағы төңкеріс" деп атады.