25 желтоқсанда Тәжікстан парламентінде Қылмыстық кодекске тиісті өзгертулерді көздейтін заң жобасы мақұлданды.
Заң жобасы күшіне енсе, ВИЧ-инфекциясын қасақана жұқтырғандар 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер қылмысты шенеуніктер жасаса, жазасын өтегеннен кейін, бес жыл бойында мемлекеттік қызметтен шеттетіледі.
Былтыр тазыз айында Тәжікстанда ВИЧ-инфекциясын 10 ер адамға жұқтырған әйел сотталды.
Тәжікстанда 68 СПИД-ті емдеу орталығы бар. Жалпы бұл елде 10,7 мың адам аталған инфекцияны жұқтырғандар тізімінде. Олардың 7 мыңы ер адам.