Ссылки доступа

Хабиб Нұрмагомедовтің 100 мың долларға сатылған жейдесі Мирзияев күйеу баласының клубында тұр


Биыл қыркүйекте UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нұрмагомедовтің жейдесі қайырымдылық аукционында 100 мың долларға сатылды. Ол бұл жейдені Дастин Порьемен жекпе-жектен соң киген.

Жейдені сатып алған адам аты-жөнінің құпия болғанын қалаған. 24 желтоқсанда RT Sport телеарнасының журналистері сол жейдені Ташкенттен тапты.

100 мың доллардың жейдесі Өзбекстан президентінің күйеу баласы Отабек Умаров клубында ілініп тұр. Умаров президент қауіпсіздігі қызметінің басшыларының бірі, Өзбекстан аралас жекпе-жек (MMA) қауымдастығының басшысы.

Умаров журналистерге "Хабибтің жейдесін сыйлыққа алғанын" айтқан, бірақ оны сыйлаған адамның кім екенін жасырып қалған.

Хабиб Нұрмагомедов Өзбекстанға жиі келеді.

Өзбек адвокаты республика заңында 100 мың доллар тұратын сыйлық алу "пара алумен" бірдей екенін ескертті.

XS
SM
MD
LG