Ссылки доступа

Қырғызстанда үкіметтік емес ұйымдарды қаржы көзін көрсетуге міндеттейді


Жогорку Кенеш 2019 жылы 31 желтоқсанда елдегі үкіметтік емес ұйымдардың қаржы көзін көрсетуге міндеттейтін заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Заң жобасына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 1 сәуірге дейін қаражат көзі туралы мәліметті құзырлы органдарға тапсыруы тиіс. Құжат авторы – ЖК депутаты Бактыбек Райымкулов.

Қырғызстан үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заңды бірнеше мәрте талқылаған. 2014 жылы депутаттар Ресейдің "шетел агенттері" туралы заңды көшіріп алып, соны өткізуге тырысқан. Бірақ парламенттің одан кейінгі шақырылымы бұл заң жобасын қайтарып жіберді.

XS
SM
MD
LG