Ссылки доступа

Қырғызстанда 26 жастағы ана күйеуінің соққысынан қаза тапты


GENERIC - WOMAN - HAND - ABUSE - STOP VIOLENCE
GENERIC - WOMAN - HAND - ABUSE - STOP VIOLENCE

Баткен қаласының 31 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ол әйелін ұрыс кезінде ұрғанын мойындаған. Марқұмның туыстары әйелдің бірнеше жылдан бері отбасында зорлық-зомбылық көріп келгенін айтты.

Қайғылы оқиға 3 қаңтарда тіркелді. Күйеуінің соққысынан соң есінен танып қалған әйелді жедел жәрдем ауруханаға жеткізген. Бас дәрігер Азизбек Жүнісовтің хабарлауынша, әйел ауруханаға жетпей жан тапсырған.

Оның айтуынша, дәрігерлер марқұмның денесінен көгерген іздер, аяғынан күйік белгілерін байқаған.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Марқұмның артында үш баласы жетім қалды.

XS
SM
MD
LG