Ссылки доступа

Қырғызстан шетелде қарулы жанжалға қатысқандарға жазаны қатайтуы мүмкін


Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шетел аумағында қарулы жанжалға қатысқандарға жазаны қатайтуды ұсынды. Қылмыстық кодекске енгізілуі мүмкін ұсыныстар халық талқылауына шығарылды.

Жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексте шетелде қарулы жанжалдарға қатысқандар 2,5-5 жылға сотталуы мүмкін, өйткені бұл қылмыс түрі ауыр емес қылмысқа жатады. Бұған дейін мұндай әрекет ауыр қылмыс ретінде қаралатын.

Қауіпсіздік комитеті қылмыстың бұл түрін "жалдану" бабына ұқсас деп есептейді, сол себепті мұндай әрекет ауыр қылмысқа жатуы тиіс.

Жаңадан ұсынылған заң жобасында шетел аумағында қарулы жанжалдарға немесе әскери қақтығыстарға қатысқандарды 5 жылдан 7,5 жылға соттау қарастырылған.

XS
SM
MD
LG