Ссылки доступа

Қырғызстанның танымал әншісі президентке хат жазды


Қырғызстанның танымал әншісі Мирбек Атабеков анасының үйіне ұрлыққа түскен қарақшылық істі тергеп жатқан милиция әрекетіне наразылық білдірді. Ол жергілікті БАҚ-қа берген сұқбатында күдіктінің бостандыққа шыққанын айтты.

«Егер ұрланған зат күдіктінің көлігінен табылса, егер ол кінәлі болмаса, онда ол зат көлігінде қайдан жүр? Біз білмейтін көп нәрсе бар. Мен ел үкіметіне, президентке ашық үндеу жолдаймын. Біздегі сот, құқық қорғау органдары жүйесін тазарту керек. Өмір сүрудің өзі қорқынышты болып кетті», - дейді әнші.

Атабековтің сөзінше, күдікті Жаңа жыл алдында бостандыққа шыққан. Қарақшы анасының үйіне ұрлыққа түсіп ғана қоймай, анасы мен қарындасын қорқытқан.

Мирбек Атабековтің анасы былтыр мамыр айында милицияға арыз жазған. Оның айтуынша, қарақшылар қаруланған, беттеріне маска киген. Арызға қарағанда, 60 мың доллар мен 15 мың сом және алтын бұйымдарын алып кеткен.

Құқық қорғау органдары былтыр қыркүйек айында екі күдікті ұсталды деген.

14 қазанда күдікті Медет Бейшековтің анасы Жыпаргүл Иманакалиева президент Сооронбай Жээнбековке хат жазып, ұлы кінәсіз болса да, бір жарым ай қамауда отыр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG