Ссылки доступа

"Үйге қайтқымыз келеді!". Тәжік студенттері Қытайда наразылық акциясын өткізді (видео)


Таджикские студенты в аэропорту Сиань. 2 февраля 2020
Таджикские студенты в аэропорту Сиань. 2 февраля 2020

Тәжік студенттері Орталық Азия елдерінің студенттерімен бірге Қытайдың Сиань әуежайында наразылық акциясын өткізді. Олар ағылшын тілінде "Үйге қайтқымыз келеді!" деп айқайлады.

2 ақпанда таңертең 25 тәжік студенті Сиань-Екатеринбург-Душанбе рейсіне отыра алмады. Шетел азаматтары Қытайдан тезірек кетуге асығып отыр. Бұл елде коронавирустан шамамен 300 адам қаза тапса, бірнеше мың адам вирус жұқтырған.

Тәжік студенті Низомиддин Хужабековтің Озоди радиосына хабарлауынша, олар билетті 1 мыңнан астам долларға сатып алған, бірақ әуежай қызметкерлері студенттерді ұшақ бортына жібермеді.

Әуежай өкілінің мәлімдеуінше, ресейлік әуе компаниясы шетел студенттерін тасудан бас тартқан. Тәжік студенттері лайнер бортына Ресей азаматтары ғана отырғанын айтты. Билетті сатып, артынша мұндай шешім қабылдауға не себеп болғаны белгісіз.

"Бізге билет сатты, бірақ бортқа отырғызбады. Ресей азаматтары ғана ұшып кетті. Билеттің құнын да қайтармады. Сол себепті біз наразылық акциясын өткіздік", - деді Низомиддин Хужабеков.

"Мы хотим домой!". Таджикские студенты устроили акцию протеста в Китае
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

Қытайдың көптеген қаласында коронавирусқа қатысты карантин жарияланып, оқу мекемелері уақытша жабылғаны хабарланған.

Тағы бір тәжік студенті Журабек Ёрзоданың айтуынша, олар Қытайдан бір аптадан бері кете алмай жүр. Олар әуелі Сиань-Сеул-Ташкент рейсіне билет алғысы келген, бірақ өзбек әуе компаниясы рейстерді тоқтатқан.

"Біз әуежайда жүрміз, Қытайдан тез арада кетуіміз керек. Таңертең ұша алмадық. Енді Гуанджоу-Мәскеу рейсіне билет сатып алдық", - деді Журабек.

Қытайда қанша тәжік студенті оқитыны нақты белгісіз.

Бұның алдында Тәжікстан білім министрі Мұхаммадюсуф Имомзода Ухань қаласында 43 тәжік студенті қалғанын, 18 студент карантинге дейін демалысқа оралғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG