Ссылки доступа

Ауғанстан үкіметі мен тәлібтер тұтқындарды босату үшін бетпе-бет кездеседі


Ауғанстан үкіметінің шенеуніктері таяу күндері тәліб өкілдерімен кездесіп, тұтқындарды босату жөнінде келіссөз жүргізбекші. Осылай деп Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хабарлады.

Екі тарап 25 наурызда видеоконференция арқылы сөйлескеннен кейін, Кеңес өкілі Жавид Файсал Twitter парақшасына "31 наурызға қарай тәліб өкілдерімен 100 тұтқынды босату үшін бетпе-бет кездесеміз" деп мәлімдеді.

"Тәлибан" қозғалысының өкілі Сухаил Шахин де Twitter парақшасына тұтқындарды босату процесі наурыз айының соңында жүзеге асады деп жазды. Оның сөзінше, тәліб өкілдері Кабулдың солтүстігінде орналасқан "Баграм" түрмесіне барады. Онда көптеген тәліб тұтқындары отыр.

Ауғанстан жөніндегі АҚШ-тың арнайы елшісі Залмай Халилзад тараптар 31 наурызда тұтқындарды босату жөнінде келісімге келді деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG