Ссылки доступа

Тәжікстан: жарты жылда екі терактінің алдын алдық


Биыл соңғы жарты жылда екі терактінің алдын алдық. Осылай деп Тәжікстан ішкі істер министрлігі терроризммен күрес басқармасының басшысы Шоди Хафиззода мәлімдеді.

Оның сөзінше, терактіні Шахринав пен Рашт аудандарына жасауды "Ислам мемлекеті" террористік тобының жақтастары жоспарлаған.

"Олар құқық қорғау органдарына қарсы шабуыл жасамақ болған. Бірақ дер кезінде күш құрылымдары тарапынан қолға түсті" деп мәлімдеді Шоди Хафиззода.

Бұл ақпаратты тәуелсіз дереккөздер тарапынан тексеру мүмкін болмады.

Тәжікстан ІІМ сонымен бірге террористік және экстремистік пиғылдағы 875 қылмыстың жолын кестік деп мәлімдеді. Шоди Хафиззоданың айтуынша, жарты жылда террористік және экстремистік ұйымдардың 200-ге тарта мүшесі ұсталған. Атап айтқанда:

- "Мұсылман ағайындар" тобының 203 жақтасы,

- "Ислам мемлекеті" тобының 27 мүшесі,

- "Салафии” ұйымының 17 мүшесі,

- Исламның қайта өрлеуі партиясының 4 мүшесі,

- "Джамоати Ансоруллах” тобының 8 мүшесі,

сонымен бірге "Талибан" қозғалысының бір содыры ұсталған.

Шоди Хафиззода сонымен бірге терроризммен айыпталып, шетелде қашып жүрген Тәжікстанның 90 азаматы елге жеткізілгенін мәлімдеді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Тәжікстан билігін терроризмді сылтау етіп, билікке сын айтып жатқан еркін ойлы азаматтарды ұстап жатыр деп сынап келеді.

XS
SM
MD
LG