Ссылки доступа

БАҚ: Наманганда діни экстремистік топ ұсталды


Өзбекстанның Наманган облысында діни экстремистік топ ұсталды. Олар Facebook пен Telegram'да жихадшылар қозғалысын насихаттайтын материалдар жариялаған, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Жихадшыларды жақтайтын топ Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Наманган облысы бойынша басқармасы өткізген арнайы операция барысында қолға түскен.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, топты ұйымдастырған 55 жастағы азамат Facebook'те 2019 қарашада тіркеліп, 2020 жылдың мамырына дейін Абу Салах, Садык Самарканди және басқа да экстремистердің діни материалдарын таратқан, насихаттаған.

Бұған қоса, топты ұйымдастырушы Сириядағы соғысқа қатысқан содырлармен байланыс орнатқан. Ол экстремистік қозғалысқа қатысы бар таныстары арқылы төрт мәрте ақша жолдаған.

Хабарларға қарағанда, күдікті бұл іске 25 жастағы ұлын, туыстарын, сыныптастарын, таныстарын тартқан. Олар Telegram'да топ құрып, діни экстремизмді насихаттайтын материалдар жариялаған.

XS
SM
MD
LG