Ссылки доступа

Жаңа Зеландияда мешітке шабуылдаушы өмірлік түрме жазасына кесілді


Брентон Таррант

Жаңа Зеландия соты австралиялық Брентон Таррантты өмірлік түрме жазасына кесті. Ол 2019 жылы Крайстчерч қаласында мешітке шабуылдағаны үшін кінәлі деп танылды. Шабуылдан 51 адам қаза тауып, 40 адам жараланған.

Жаңа Зеландия тарихында ең ауыр жаза Брентон Таррантқа тағайындалды. Сот шешімі бойынша, ол уақытынан бұрын бостандыққа шыға алмайды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, судья Таррант әрекетін өмірлік түрме жазасымен де өтелмейтін қылмыс деп атаған.

Былтыр 15 наурызда австралиялық Брентон Таррант Крайстчёрч қаласында мешітке жиналғандарға оқ атып, қашып кеткен. Таррант жасаған шабуылын тікелей эфирде Facebook парақшасында көрсеткен.

Жаңа Зеландияда Тарантты Австралияға беру туралы үндеулер тасталып жатыр. Өйткені билік оны түрмеде өмір бойы ұстау үшін бір миллион доллар төлейді. Бірақ Австралия билігі Таранттың елге қайтқанын қаламайды.

XS
SM
MD
LG