Ссылки доступа

Өзбекстан валюталық операцияларға бақылау жүргізетін оффшор аймақтардың тізімін кеңейтті


Өзбекстанның Мемлекеттік салық комитеті мен Орталық банкі валюталық операцияларды бақылайтын оффшор аймақтардың тізімін кеңейтті.

Кеңейтілген тізімде америкалық Самоа, Аруба, Гватемала, Доминика, Кирибати, Монако, Олдернидеги Норманд аралы, Питкэрн, Сан-Марино, Сен-Мартен (Синт-Мартен), Уругвай және Филиппин кірді.

Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар бір жыл ішінде шетелдік банктегі есепшотқа 100 миллион сумнан аса (10 мың АҚШ доллары шамасында) ақша аударып жатса, банктер бұл туралы салық комитетіне мәлімет беруі тиіс.

Бұдан бөлек банктар валюталық операциялар туралы мәліметтерді салық инспекциясына бұрынғыдай жыл басында ғана емес, әр ай сайын мәлімет беріп тұруға міндетті болды.

Президент Шавкат Мирзияевтің 29 маусымдағы жарлығымен құрылған Антикоррупциялық агенттікке де "оффшор аймақтар арқылы атқарылған қаржы операцияларын тексеру, сонымен бірге қайырымдылық, спорттық және басқа ұйымдар тарабынан ақшаның ізін жасыру белгілері бойынша тергеу жүргізу" құқығы берілген.

XS
SM
MD
LG