Ссылки доступа

Тәжікстанда 1 ақпаннан бастап мешіттерде жамағаттың намазына рұқсат етеді


Тәжікстан билігі мешіттердің қайта ашылуына бірнеше күн қалғанда тазалық ережелері қатаң сақталуы тиіс екенін ескертті. 1 ақпанда коронавирусқа байланысты карантинге жабылған мешіттер жұмыс істей бастайды.

Тәжікстан мешіттеріндегілер жамағат намазын өткізуге дайындалып жатыр. Душанбенің Сино ауданындағы мешіт антисептиктер, масқалар және термометрлер сатып алған.

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі мұсылмандарды мешіттерде тазалық ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті. Әйтпесе мешіттер қайтадан карантинге жабылуы мүмкін.

Тәжікстандағы діндарлар биліктің мешіт жұмысына рұқсат беруін құптады. "Бәрі өзімізге байланысты. Тазалық ережелерін сақтасақ, бір-бірімізді қорғасақ, мешітті ешкім жаппайды", - дейді Душанбе тұрғыны Наджмиддин Ахмадов.

Республикада мешіттер былтыр сәуір айында карантинге жабылған. Коронавируспен күрес жөніндегі штаб мешіттер қайта ашылатынын жақында ғана хабарлады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 26 қаңтарда халыққа жолдауында елде коронавирус жоқ деп мәлімдеді.

Тәжікстанда шамамен 4 мың мешіт тіркелген.

XS
SM
MD
LG