Ссылки доступа

Қырғызстанда жаңа оқу жылы 15 қыркүйекте басталады


Қырғызстанда жаңа оқу маусымы 15 қыркүйекте басталады. Үкімет басшысы Ұлықбек Марипов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Мәліметтерге қарағанда, мұндай шешім эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданған.

Елдегі білім мекемелеріндегі 152 мың 827 қызметкердің 56 мың 114-і коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Тағы 52 мың қызметкер вакцина салдыруы тиіс.

"Оқу жылының кеш басталуы туристік маусымды ұзартуға көмектеседі. Қабылданған шешім білім беру жүйесіндегілердің жалақысына әсер етпейді", - деп хабарлады үкімет.

Бұған дейін хабарланғандай, шамамен екі жыл жабық тұрған мектептер мен балабақшалар бұрынғы режимде жұмыс істей бастайды. Жаңа оқу жылында мектеп формасын кию міндетті болмайды.

Қырғызстанда коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы наурызда білім мекемелері қашықтан оқытуға көшті.

XS
SM
MD
LG