Ссылки доступа

Тәжікстанда аудандық энергия сату бөлімінің басшысына пышақ салған тұрғын 8,5 жылға сотталды  


Тәжікстанның Соғды облысы Матчин аудандық соты аймақтағы энергия сату бөлімінің басшысы Рустам Туйчиевке пышақ сұққан жергілікті тұрғынды 8,5жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Озоди радиосы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, адвокат аудандық соттың бұл үкімі бойынша кассациялық арыз жазды. Әзірге сотталған адамның аты-жөні ашық айтылған емес.

2021 жылы қазан айында Матчин аудандық энергия сату бөлімінің басшысы Рустам Туйчиевке осыған дейін жұмысынан алынған қызметкер келіп қол салған.

Туйчиев біраз уақыт ауруханада жатып шыққан.

XS
SM
MD
LG