Ссылки доступа

Мәскеуде із-түссіз жоғалған бадахшандықтың туыстары: Оны тәжік арнайы қызметі ұрлап әкетті


Тәжікстандағы Таулы Бадахшан автономиялы облысының тағы бір тумасы Мәскеудегі тергеу изоляторынан босап шыққаннан кейін із-түссіз жоғалып кетті. Туыстары оны тәжік арнайы қызметі ұрлап әкетіп, Душанбеге жеткізген деп есептейді.

Таулы Бадахшандағы Роштқала ауданының тұрғыны Руслан Пулодбековті Мәскеу полициясының қызметкерлері шілде айының аяғында көші-қон заңтарын бұзғаны үшін ұстады. Туыстарының айтуынша, Руслан Пулодбеков 29 шілдеде уақытқа тергеу изоляторынан шыққан кейін із-түссіз жоғалған. Олар Русланды Мәскеудегі памир диаспорасының белсенділері Ораз және Рамзи Вазирбековтермен бірге Тәжікстанға жасырын түрде алып кеткен болуы мүмкін деп топшылайды.

Рамзи мен Ораз Вазирбековтер 29 шілдеде түнде Мәскеудегі Домодедово әуежайында "жоғалды". Ертесіне YouTube-те "Бехдошт ТВ" деп аталатын арнада олардың Тәжікстанға өз еркімен оралғаны туралы видео жарияланды. Бұл екеуіне "тергеу органдарының Хорог қаласындағы оқиғаларға қатысты сауалдары бар" екені айтылды. Туыстары олардың Тәжікстанға қайтқысы келмегенін, елге өз еркімен келгені туралы видеоны тәжік билігі қолдан ұйымдастырған деп есептейтінін мәлімдеді.

Руслан Пулодбековтің жақындары тәжік билігі оны Мәскеудегі бадахшан жастары белсенділерінің бірі Амриддин Аловатшоевтың жақын досы болғандықтан қудалауды деп ойлайды. Еске салайық, Амриддин Аловатшоев 11 қаңтарда жоғалып кетті. Мәліметтерге қарағанда, оны достарымен бірге ресейлік Белгород қаласында ұстаған. Екі күннен соң оның қасында болғандарды босатты, бірақ Амриддин қайда екенін айтпады. 2 ақпанда Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон Аловатшоев елге "экстрадицияланғанын" мәлімдеді. Тәжік билігі оны Душанбеге "өз еркімен оралды" деп отыр.

Тәжікстанда Амриддин Аловатшоевқа бес түрлі айып тағып, 18 жылға соттады.

Руслан Пулодбековтің туыстарының айтуынша, ол Амриддин ұсталғанға дейін үнемі соның жанында жүрген. Руслан азаматтық белсенді болмаған, Таулы Бадахшандағы оқиғалар туралы әлеуметтік желілерде пікір жазбаған, дейді туыстары.

Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы оқиғалар туралы жазатын Pamir Daily News интернет-порталының хабарлауынша, кейінгі жарты жылда кем дегенде бес бадахшандықты Ресейде ұрлап, Тәжікстанға жеткізген.

XS
SM
MD
LG