Ссылки доступа

Қамаудағы тәжік журналисі Гурбатидің әйелі президентке хат жазды


Тәжікстанда қамауда отырған журналист Абдулла Гурбатидің әйелі Муборак Косим мемлекет басшысы Эмомали Рахмонға хат жазып, күйеуін босатуға көмектесуін өтінді. Бұның алдында мемлекеттік айыптаушы соттан журналисті сегіз жылға соттауын сұраған.

Бұның алдында мемлекеттік айыптаушы соттан журналисті сегіз жылға соттауын сұраған.

Абдулла Гурбати төрт ай бұрын милиция қызметкері күш көрсетті, экстремистік ұйымға мүше болды деген айыптармен ұсталды.

Оның әйелі Муборак Косим президентке жазған хатында күйеуі тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясына ешқашан мүше болмаған, милиция қызметкеріне қол көтермеген деп жазды.

"Айыптаулар оның Фейсбуктегі жазғандарына негізделген, бірақ ол оппозициялық топтарды қолдамаған. Адамның бәрі қателеседі, бірақ оларды кешіруге болады. Отанын сатқанға кешірім жоқ, бірақ Абдулла мемлекетті, ұлтты ешқаган сатқан емес", - дейді Муборак Косим.

Ол президент Эмомали Рахмоннан күйеуінің ісін араласып, оны босатуға көмектесуін сұрады.

Тәжікстанда президент Эмомали Рахмонға, оның президент аппаратына жетекшілік ететін қызы Озода Рахмонға, Душанбе қаласының басшысы, тәжік парламенті жоғары палатасының спикері қызметтерін атқаратын қлы Рустам Эмомалиге хат жазу тәжірибесі жиі таралған.

Сарапшылар жергілікті халық елдегі басқа да мемлекеттік органдарда билік жоғын, олардың бәрі Эмомали Рахмон мен оның отбасы мүшелеріне тәуелді екенін жақсы түсінеді деп есептейді. Алайда президент отбасы мұндай өтініштерді сирек орындайды.

XS
SM
MD
LG