Ссылки доступа

Тәжікстанда прокурор журналист Далер Имомалиге 10,5 жыл сұрады 


Далер Имомали
Далер Имомали

Тәжікстанда мемлекеттік айыптаушы журналист әрі блогер Далер Имомалиді 10,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Журналист келесі аптада сот залында соңғы сөзін айтпақ. 

Далер Имомалиге қылмыс туралы жалған ақпарат берді, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысты деген айыптар тағылған.

"Далерге қатысты сот шешімі аяқталуға дайын. Прокурор өзінің соңғы талабын айтты",- деді дереккөз.

Журналистке қатысты сот процесі тергеу абақтысында өтуі тиіс.

Абдулла Гурбатидің ісі бойынша алғашқы сот отырысы 21 қыркүйекте өтті. Душанбе қаласы Шахмансұр ауданы ішкі істер басқармасының үш қызметкері журналист Гурбатиге қарсы куәлік етті. Полиция қызметкерлері 15 маусымда полиция бөлімінде Гурбати оларға шабуылдап, балағаттады деген. Алайда Гурбати куәгерлер сөзін негізсіз деп атаған.

Абдулла Гурбати биыл 15 маусымда ұсталды. Оған "билік өкілін балағаттады", "билік өкіліне күш көрсетті", "тыйым салынған ұйым қызметіне қатысты" деген айыптар тағылған. Дереккөз мәліметінше, тергеу кезінде Абдулла Гурбати айыптаулардың бәрін жоққа шығарған.

Журналистер құқықтарын қорғаушы ұйымдар Абдулла Гурбати мен тағы алты тәжік журналист негізсіз ұсталғанын айтып, оларды тез арада босатуын талап етіп жатыр. Билік бұл үндеулерге жауап қатқан жоқ.

XS
SM
MD
LG