"Ел аумағында қар қалың жауып, қатты суық болатыны болжанып жатқанына қарамастан, президент тапсырмасымен 11 қаңтардан бастап электр энергиясын қолдануға енгізілген барлық шектеулер алынды", - деген энергохолдинг мәлімдемесінде.
Сонымен бірге "Барки точик" электр энергиясын үнемдеп пайдалануға шақырды.
Тәжікстанда былтыр қазан айында электр энергиясын қолдануға шектеу енгізілген. Оны "Барки точик" энергохолдингі "су-энергетикалық ресурстардың маусымдық жетіспеушілігімен" түсіндірген. Кейбір аймақтарда кешкі 22:00-дан таңғы 05:00-ке дейін жарық берілмей келген.
11 қаңтарда "Барки Точик" Ауғанстанның "Брешна" деген энергетикалық компаниясымен Тәжікстаннан Ауғанстанға электр энергиясын жеткізу бойынша келісімді 2023 жылдың соңына дейін ұзартқанын жариялаған.