Ссылки доступа

Тәжікстанда сарбаздарға әлімжеттік көрсетті деген күдікпен бес адам ұсталды (видео)


Тәжікстан бас прокуратурасы елдегі әскери бөлімдердің бірінде бір топ сарбазды аяусыз ұрып-соғу оқиғасы туралы мәлімет таратты.

24 сәуірде таңертең әлеуметтік желілерде жарияланған видео ғаламторда тез тарап кетті. Оны тәжік армиясында түсіргеніне ешкім күмән келтірмейді, өйткені әскери киімдегілер тәжік тілінде сөйлеген.

Видео жарияланғаннан бірнеше сағат өткен соң бас прокуратура сарбаздарды ұрды деген күдікпен әскердің бес қызметкері ұсталғанын хабарлады. Құзырлы орган оқиға 2022 жылғы 15 желтоқсанда Тәжікстан ҰҚМК шекара әскерінің 0215 әскери бөлімінде болғанын анықтады. Шу шыққан әскери бөлім Соғды облысы Канибадам қаласында орналасқан.

Бас прокуратураның хабарлауынша, сержант Жонибек Косимзода әскерлестері Фахриддин Әзімов, Азам Камолов, Махмадназар Нозимов және Хожиақбар Сайфуллаевтармен бірге әскери жарғы ережелерін бұзған. "Олар кіші сержант Мехмонжон Мысыровқа, қатардағы сарбаздар Бекзод Чориевке, Замир Каримзодаға, Некруз Әміров пен Әлішер Мұсаевқа әлімжеттік көрсеткен", - деп мәлімдеді құзырлы орган.

"Панҷ нафар боздошт шуд." Додситонӣ навори баҳсбарангезро шарҳ дод
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

Бас прокуратура 24 сәуірде кешке әскери жарғы ережелерін бұзған күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Істі Соғды облысының әскери прокуратурасы тергеп жатыр.

Видеодағы сарбаздардың пікірін білу мүмкін болмай отыр.

Бұл видео Тәжікстанда көктемгі әскерге қабылдау науқаны жүріп жатқан уақытта жарияланып, әлеуметтік желі қолданушылардың сынына ұшырады.

XS
SM
MD
LG