Өзбекстан мектепке дейінгі және мектеп білімі жөніндегі министрлік мәліметінше, директор "балабақша аумағына бөтен адамдарды кіргізу арқылы балалардың өміріне қауіп туғызған, міндетіне жауапсыз қарап, ішкі еңбек тәртібін бұзған", сол себепті қызметтен алынған.
4 мамырда "Газета.uz" басылымы Чилинзар ауданындағы директордың ұлы балалар ұйықтап жатқан бөлмеге кіріп, бірнеше қызға тиіскен деп хабарлады. Балалардың ата-аналары 15 жастағы жасөспірім қыздарға тиіскен деп отыр, алайда бұрынғы директор баласына жала жапты деп есептейді.
Бұның алдында бас прокуратура баспасөз хатшысы Хает Шамсутдинов балабақшадағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.
Министрлік № 230 балабақшадағы жағдай бақылауда екенін, оқиға тексеріліп жатқанын мәлімдеген.