Ссылки доступа

Астана Құранды өртеу акцияларын айыптады 


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропада Құран өртеу акциясын айыптап, "халық пен мемлекеттер арасындағы сенімді үзуге, әлемді шиеленісті күшейтуге әкелетін, жол бермеуі тиіс азғыру әрекеті" деп атады. 

Тоқаевтың пікірінше, "бірқатар елдердің азаматтарының діни вандализм және жауапкершіліксіз жүріс-тұрысы" мемлекеттердің және діндердің жалпы танылған талаптарына қарсы келген әрекеттері бірауыздан айыпталуы тиіс.

"БҰҰ Бас ассамблеясы да бұл бойынша өзінің салмақты сөзін айтуы тиіс", - делінген Ақорда таратқан Тоқаевтың мәлімдемесінде.

Данияда екі демонстрант 24 шілдеде Ирактың елшілігі алдында мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранды өртеді. Оның алдында да осындай акция болған. Бұл көріністі мұсылман елдері айыптады.

Осыған дейін Швецияда Құранды өртеген акция болып, мұсылман елдерінде наразылық туғызған. БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесі 12 шілдеде діни жек көрушілік туралы даулы резолюцияны қабылдаған.

XS
SM
MD
LG