Ссылки доступа

Кулябтағы жол апатынан зардап шеккендер арасында қырғыз азаматтары жоқ


Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Тәжікстанның Хатлон облысы Куляб қаласында 6 тамызда болған ірі жол апатына қатысты мәлімет таратты.

Министрліктің алдын ала мәліметінше, апаттан зардап шеккендер арасында қырғыз азаматтары жоқ. СІМ хабарлауынша, 6 тамызда сағат 19:30-да «Душанбе-Куляб-Хорог» автожолында «Дулон» жүк көлігі бірнеше жеңіл автокөлікпен соғысып, екі үйге ұрылған. Жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

«Апаттан 13 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды» деп хабарлады СІМ. Зардап шеккендер туралы мәлімет әлі анықталып жатыр.

Ірі жол апатына қатысты тергеуді Тәжікстан бас прокуратурасы жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG