Ссылки доступа

Ташкенттегі тергеу абақтысында қамаудағы адам көз жұмды


Ташкент қалалық ішкі істер басқармасындағы күдіктінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Озодлик радиосы хабарлады.

Ақпратқа қарағанда, күдіктінің өлімін анықтау үшін сот-медициналық сараптама дайындалып, қалалық прокуратура тергеу ісін бастады.

12 тамызда ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталған 33 жастағы азаматтың тергеу абақтысында қаза болғаны хабарланған. Мекеме мәліметіне қарағанда, сұрау алу кезінде өзін нашар сезініп, дәрігер келгенше көз жұмған.

"Ол бауыр ісігі және жүрек-қан тамыр жетіспеушілігінен көз жұмған", - деп жазылған ішкі істер басқармасының мәлімдемесінде.

Мекеме мәліметіне қарағанда, 7-8 адамнан тұрған топ биыл 29 шілдеде М.Р. атты кәсіпкерді ұрлап, оны соққыға жығып, ірі көлемде ақшасын алып кеткен. Бұдан бөлек оны Түркиядағы адамдардан 860 мың доллар қарызға алғаны жөнінде тілхат жазып беруге мәжбүрлеген. Маусым айында оны екі апта бойы белгісіз жерде күшпен қамап, 300 мың долларға бағаланатын екі үйін өздерінің атына жаздырып алған.

XS
SM
MD
LG