Ссылки доступа

Өзбекстан Украинаға 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді


Халықаралық украин-өзбек қауымдастығының төрағасы Любомир Башинский Өзбекстан кәсіпкерлері жіберген 10,5 тонна гуманитарлық көмекті қабылдап алды. Бұл жөнінде Ташкенттегі Украина елшісі Николай Дорошенко мәлімдеді.

Онда жалпы құны 21,3 мың доллар болатын қысқы киімдер, балалар және әйелдерге арналған аяқ-киімдер жіберілген. Сонымен бірге 4280 доллардың медициналық құралдары жөнелтілген.

Гуманитарлық көмекті Львов облысының тиісті мекемесі қабылдап алған.

Өзбекстан Украинаға былтыр екі рет гуманитарлық көмек жіберген.

Осының алдында Украинадан 45 бала Өзбекстанға демалуға және емделуге келгені хабарланған.

XS
SM
MD
LG