Ссылки доступа

Тәжікстан әскери қызметтен босау ақысын көтерді (видео)

1 қыркүйектен бастап Тәжікстан әскерде екі жыл қызмет етпей, қосалқы құрамдағы бір айлық қызмет үшін төлейтін ақыны 28 мың 560 сомониден 51 мың сомониге көтереді. Үкімет тиісті қаулы қабылдады.

Құжатқа сәйкес, тәжік билігі қосалқы құрамдағы әскери қызмет ақысын 51 мың сомониге (4.6 мың доллар шамасы) дейін көтеруді көздеп отыр. Билік қосымша әскери қызмет ақысын не себепті шамамен екі есеге көтеру себебін түсіндірмеді.

2021 жылы Тәжікстанда «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» заң қабылданған. Құжат әскер жасындағылардың әскери қызметтен ресми түрде босатуды қарастырады. Әскерде екі жыл қызмет атқарғысы келмегендер бір ай әскери жиында болып, әскери билет алғаны үшін мемлекетке ақы төлейді.

Әлеуметтік желі қолдаушыларының бірі мұны әскерден босаудың заңды әдісіне жатқызса, кейбіреулері жемқорлық көбейіп кете ме деп қауіптенді.

В Таджикистане значительно повысится стоимость альтернативной службы
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:35 0:00
XS
SM
MD
LG