Ссылки доступа

Еуроодақ Украинаға жыл сайын 5 млрд еуро бөліп тұрады


Еуроодақ биыл наурызда Киевке миллион артиллерия снарядын 12 ай көлемінде жеткізу жөніндегі жоспарын әлі аяқтаған жоқ.

Соған байланысты еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель сәрсенбіде ЕО елдерін Украинаға арналған қару-жараққа көбірек тапсырыс беруге кеңес берді. Жозеп Боррель Испанияның Толедо қаласында ЕО елдерінің қорғаныс министрлерімен кездескен соң журналистер сауалдарына жауап берді деп хабарлады Reuters.

Боррельдің айтуынша, жоспарланған миллион снарядтың 224 мыңға жуығы, сонымен бірге 2,3 мың зымыран жеткізілген. Олардың бәрінің құны шамамен 1,1 млрд еуро болған. Жоспар қабылданғанына бес өтсе де, ЕО елдері оның төрттен бірін де орындамаған.

Енді Еуроодақ Украинаға әскери көмек қорын құруды көздеп отыр. 2024-2027 жылдарға арналған қорға 20 млрд еуро көмек бөледі. Киев жыл сайын бес миллиард еуродан алып отырады. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Қазірге дейін Украина 5,6 миллиард еуро әскери көмек алған.

XS
SM
MD
LG