Ссылки доступа

Мирзияевтің күйеу баласының бауыры ІІМ құпия бөлімін басқарады


Ұлықбек Тұрсынов (ортада).
Ұлықбек Тұрсынов (ортада).

Өзбекстан ІІМ тамыздың аяғында Дониёр Ташхожаев Ташкент ішкі істер басқармсы басшының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғанын растады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Дониёр Ташхожаев бұрын ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Ал 2022 жылғы ақпаннан бастап Ташкент облыстық ішкі істер басқармасы Тергеу департаменті басшысының орынбасары болып істеген.

Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөздерінің құқық қорғау органдарындағы дереккөздерінің хабарлауынша, екі апта бұрын президент Шавкат Мирзияев құдасының ұлы Ұлықбек Тұрсынов Өзбекстан ішкі істер министрлігіне ауысқаннан кейін астана милициясында осындай өзгеріс болған. ІІМ Тұрсыновтың Ташкент милициясындағы қызметтен жаңа орынға ауысқаны туралы ешқандай ресми мәлімет таратпады.

Дереккөздер мәліметінше, Ұлықбек Тұрсынов ІІМ-нің «7-бөлім» деген атпен белігі «бақылау бөлімінің» басшысы қызметіне тағайындалған.

55 жастағы полковник Ұлықбек Тұрсынов президент Мирзияевтің күйеу баласы Ойбек Тұрсыновтың бауыры. Ұлықбек биыл 12 тамызда Ташкент милициясында 22 жастағы күтікті азаптау салдарынан өлгеннен кейін қызметтен алынған.

Ташкент қалалық прокуратурасы қызмет бабын асыра пайдалану және азаптау баптары негізінде қылмыстық іс қозғағаны мәлім.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің айтуынша, 33 жастағы ер азаматты азаптады деген күдікпен ұсталғандар «Ұлықбек Тұрсынов тапсырмасын орындадық» деген.

Сарапшылардың айтуынша, Өзбекстан ІІМ «бақылау бөлімі» құпия жұмыс істейді, мұндай бөлімнің барын органдарда істейтіндердің кейбірі білмейді.

Бөлімдегілер азаматтарды ғана емес, құқық қорғау органдары қызметкерлерін аңдиды, қажет болса жасырын фото-видео түсіру арқылы мәлімет жинайды.

Өзбекстан ІІМ сайтында мұндай бөлім туралы ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG