Тікұшақ ормандағы өртті сөндіріп жүрген кезде, дамбаға соғылған.
"Тікұшақта 4 адам болды, олардың үшеуі қырғызстандық. Қазір біреуі ауруханада жатыр. Қалғандары іздестіріліп жатыр",- деп хабарлады ҚР СІМ.
Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы да тікұшақта үш қырғызстандық болғанын растады. Ауруханаға жеткізілген бір қырғыз азаматының жағдайы бірқалыпты деді ол.
Кейбір мәліметтер бойынша, қырғыз азаматтары авиация қызметінде келісім-шарт негізінде жұмыс істеген екен.