Бұл жөнінде БҰҰ-ның Өзбекстандағы өкілдігі мәлімдеді.
Uzbekistan Vision 2030 сенім қоры БҰҰ-мен бірлесіп 2022 жылдың жазында құрылған.
Былтыр тамыз айында Швейцария Өзбекстанға 131 млн доллар қайтаратынын мәлімдеген.
"Қайтарылған активтер БҰҰ-ның Конвенциясына сәйкес коррупцияға қарсы бағдарламаларға жұмсалуы тиіс. Бұл қаржы Өзбекстан азаматтарының жағдайын жақсартуға біршама болса да септігін тигізеді деген үміттеміз. Бұл бағдарлама жаңа туған 600 мың бала мен олардың анасына отыз ай көлемінде жағдай жасауға көмектеседі", - деп мәлімдеді БҰҰ-ның Өзбекстандағы үйлестірушісі Консуэло Видал-Брюс.
БҰҰ мәліметінше, қордың активтері ЮНИСЕФ, ЮНФПА және ДДСҰ ұйымдары арқылы жүзеге аспақ.