Мәліметке қарағанда, электромобильдер жолдың сары жолақтарында теңертеңнен кешке дейін жүреді. Жолақы – бір адамға 50 сом.
Жаңа таксилерге озық үлгідегі техника және GPS-навигация орнатылған. Сол арқылы электромобильдің қай жерде келе жатқанын онлайнда көріп отыруға болады.
Эко-такси жобасы қаланың экологиялық таза көлігін дамыту мақсатында қолға алынған. Такси қызметінде 10 электромобиль бар.
Жылда күн суыған уақытта Бішкек ауасы күрт ластанады. 2022 жылдың басында Бішкек әлемдегі ең лас он қаланың қатарынан алты жыл бойы түспей келе жатқаны мәлім болған.