Ссылки доступа

Өзбек билігі балаларды күріш жинауға мәжбүрледі дегенді жоққа шығарды


Балаларды күріш жинауға мәжбүрледі деген мәлімет расталмады, деп хабарлады Хорезм облыстық еңбек басқармасы.

Жергілікті билік таратқан мәліметте аудандық прокуратура мен мемлекеттік еңбек инспекторы мәселені тексеріп, балаларды мәжбүрлегені туралы мәліметті растамағаны айтылған.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде Хорезм облысы Көшкөпір ауданындағы 19-мектеп директоры оқушыларды күріш жинауға шығарғаны туралы видео тараған. Онда директор мен шаруашылық жетекшісі туысқан болуы мүмкін екені айтылған. Содан кейін осы жағдайды тиісті мекемелер тексере бастағаны мәлім болған.

Хорезм облыстық әкімдігінің мәліметінше, «9-A сыныбының оқушылары сабақтан соң фермада күрішті белгілі бір ақыға жинаған».

Қазір оқушыларды жұмысқа шығарған шаруашылық басшылығының әрекетіне заң тұрғысынан баға беріліп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG