Ссылки доступа

Өзбек үкіметі елде газ толтыру бекеттерінің жабылу себебін түсіндірді


Өзбекстан энергетика министрлігі елдегі газ толтыру бекеттерінің уақытша жабылу себебін түсіндірді.

Министрлік мәліметінше, 17 ақпанда Бұхара облысындағы дауыл салдарынан жоғарывольтты электр желілері үзілген. Соның салдарынан Газли газ өңдеу зауытына тиесілі сегіз агрегат сөніп қалған.

Соған байланысты табиғи газ айдау көлемі азайып, газ толтыру бекеттерінде қысым азайған.

18 ақпанда энергетика министрлігі газ қысымының азаюына күннің күрт суытуы себеп болды деп хабарлаған.

Өзбекстан аумағына суық ауа массасы 16 ақпанда кірген.

XS
SM
MD
LG