Ссылки доступа

Тәжікстанда мыңдаған кәсіпкер бизнестен кетуге мәжбүр


Тәжікстанда 2023 жылы 21 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын тастаған немесе басқа кәсіпке ауысқан. Олардың арасында 1 мыңнан астам заңды тұлға бар.

Кәсіпкерлердің өздері және сарапшылар салықтың көптігі мен жемқорлық, толассыз тексерулер кәсіп жүргізуге кедергі келтіріп отыр деп есептейді.

Душанбе тұрғыны Исломбек Ёдгоров бизнесін жабуға мәжбүр болған кәсіпкерлердің бірі. Ол екі жыл бойы шетелден дәрі-дәрмек тасумен айналысқан, алайда кедергілердің көптігінен ісі ілгері жылжымай қойған. Соған байланысты Исломбек те еңбек миграциясына кетуді жөн санаған. Тәжікстан тұрғындарының дені осындай жолды таңдауға мәжбүр.

2023 жылы Тәжікстанда 33 мың жаңа кәсіпкер тіркелген. Билік биыл жеке кәсіп пен инвесторларға жеңілдік ұсындық дейді. Ал қысқартулар 27-ден 23-ке қысқарған. Дегенмен кәсіпкерлердің дені билік уәдесіне сене бермейді.

Тәжікстанда 350 мың кәсіпкер тіркелген. Мамандар Тәжікстанда бизнес пен инвестиция салаларын түпкілікті реформалау қажет деп есептейді.

XS
SM
MD
LG